388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда «Ізгілік елшісі» қайырымдылық шарасы жүзеге асырылып жатыр

  • 339
  • UPD: 23:23, 15.10.2019
Алматыда «Ізгілік елшісі» қайырымдылық шарасы жүзеге асырылып жатыр

Жобаның мақсаты – көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу және жас ұрпақты жақсылық жасауға үндеу. Ол үшін мұқтаж жандар мен көмек көрсетуге дайын азаматтардың ортақ мәлімет базасы жасақталуда.

Яғни арнайы сайтта көмек қажет еткен жандар және оларға қолынан келген көмекті жасай алатын еріктілер өз өтініштерін қалдыра алады. Еріктілер заттай, қаражат түрінде емес, қимыл қозғалысы қиын жандарға қажет заттарын әкеліп беру немесе мүмкіндігі шектеулі баланың қасында уақытша отыра тұру сияқты көптеген көмек түрлерін көрсете алады. Қазір осы жұмыстарды 120 ерікті атқарып жүр. Ұйымдастырушылар енді жобаның ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр. 

Айнұр Сәбитова,  «Ізгілік елшісі» жобасының үйлестірушісі:

- Алдағы күндері сайтымыз іске қосылады. Бұл сайтта бірнеше бөлім бар. Мәселен, көмекке мұқтаж жандар электронды түрде өтініш толтырып, өзі туралы толық мәлімет қалдырады. Және қандай көмек қажет керек екенін де жазу керек. Сондай-ақ ізгі іске атсалысқысы келетін еріктілер де сайтта хабарлама жолдай алады. Бұл жоба жалпы ұлттық шараға айналса дейміз.

Хабар 24 телеарнасы