388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында нан бағасы қымбаттады

  • 231
  • UPD: 09:30, 17.10.2019

Қарағанды облысында әлеуметтік нан бағасы бірден 5 теңгеге қымбаттады. Осылайша «ас атасының» бір бөлкесі сауда сөрелерінде 75 теңгеден сатылып жатыр.

Ал жоғары сұрыпты ұннан жасалатын нан құны шамамен 80-100 теңгеге жеткен. Бұған себеп - ұн бағасының өсуі. Жазғы аптап ыстық пен жаңбырдың болмауы салдарынан биыл елімізде астық бітік шықпады. Мәселен, былтыр жоғары сұрыпты бір қап ұн 4 мың теңге болса, қазір 5 мың теңгенің сыртында. Ал бірінші сұрыпты ұнның әр келісі 108 теңгеден. Осыған байланысты қазір жергілікті билік әлеуметтік нан бағасын сақтау үшін тұрақтандыру қорына бірінші сортты ұнды жинаудың жолдарын қарастырып жатыр. 

Татьяна Тазуева, кәсіпкер:

- Нан қымбаттады. «ХМК», «Орион» фирмалары өнімін 88 теңгеден саудалап жатыр. Сондықтан, 90 немесе одан да жоғары бағаға сатуға мәжбүрміз. Олай етпесең тиімсіз. Тек бір ғана компания қазір нанды 80 теңгеден сатады. Қарапайым халыққа қолжетімді болғандықтан көбіне соны аламыз. 

Асқар Санаубаров, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары: 

- «Сарыарқа» әлеуметтік кәсіпкерлік компаниясы мен Қарағанды ұн комбинаты екіжақты келісім-шартқа отырды. Әзірге 100 тонна ұн аламыз. Әрі қарай қосымша тағы 400 тонна ұн алу көздері қарастырылуда. Осылайша бірінші сұрыптағы ұннан жасалатын әлеуметтік нанның құнын сақтап қалмақпыз. Алғашқыда бағаны тұрақтандыруға бұл шаралар жеткілікті.

Хабар 24 телеарнасы