376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде алғаш рет мал ұрлығына қатысты қылмыстық норма енгізілді

  • 198
  • UPD: 15:09, 20.11.2019
Елімізде алғаш рет мал ұрлығына қатысты қылмыстық норма енгізілді

Ауыр қылмыстардың барлық түрлері үшін жазаны қатайту азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін заң жағынан қорғауға мүмкіндік береді.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын талқыланып, бірінші оқылымда мақұлданды.

Заң жобасында Мемлекет басшысының жолдауында Үкімет пен Парламентке берген тапсырмалары назарға алынды. Жобада есірткі тарату, адам саудасы, зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстар үшін жазаны қатайту қарастырылған. Сондай-ақ алғаш рет мал ұрлығына қатысты қылмыстық норма енгізілді. Есірткі саудалағандарға да жаза күшейеді.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы:

- Президент есірткі саудасымен айналысатындарға жазаны қатаңдатуды тапсырған болатын. Мәжіліс депутаттары Мемлекет басшысының бұл ұсынысын қолдай отырып, жазаны күшейтудің нақты нормаларын ұсынды. Қылмыстық жүйені ізгілендіру қажет. Бірақ оның барлығы заң аясында болуы тиіс. Үкімет, Ішкі істер министрлігі болып осы мәселеге баса назар аударуы қажет  Біздің елімізде бірде-бір адам есірткі саудасымен айналыса алмауы тиіс. Яғни, есірткіге қатысты жол жабық болуы шарт. Заң жобасында осы мәселелер қаралған.

Хабар 24 телеарнасы