423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Вице-премьер Қостанайдағы жабық аренаның мүмкіншіліктерімен танысты

  • 478
  • UPD: 09:41, 23.11.2019
Вице-премьер Қостанайдағы жабық аренаның мүмкіншіліктерімен танысты

Қостанайда УЕФА талаптарына сай биыл ашылған футбол манежі ел біріншілігі аясында ондаған матч қабылдап, кәсіби футболшылардың оң бағасын алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Вице-премьер Бердібек Сапарбаев Қазақстан бойынша бірегей жабық аренаның мүмкіншіліктерімен танысты. Үш мың көрерменге есептелген стадион мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде бір жыл ішінде тұрғызылған. Одан ары Бердібек Сапарбаев Жастарға қызмет көрсету орталығында болды. Маусым айынан бері еңбекпен қамту, кәсіп ашу, заңнамалық, психологиялық мәселелер бойынша мұнда екі мыңға жуық жас азамат кеңес алған. Қазір облыста арнайы орта және жоғары білімі жоқ жеті жарым мыңдай адам бар.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары

Ең негізгі мақсат әрбір жас адам «мен осы «Жастар жылында» не істедім» деп ойлануы керек, есеп беруі керек. Екіншіден, осы «Жастар жылы» маған не берді? Үшіншіден, осы «Жастар жылы» жинаған тәжірибемді жұмысымның нәтижесін қалай әрі қарай «Белсенділер жылында» жалғастырамын деген.

 

Хабар 24 телеарнасы