424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында жатақхана жетіспеушілігі студент үшін өзекті болып отыр

  • 529
  • UPD: 08:22, 10.12.2019
Ақмола облысында жатақхана жетіспеушілігі студент үшін өзекті болып отыр

Ақмола облысында биыл 6 мыңнан астам жас маман жұмыспен қамтылды. «Жас кәсіпкер» жобасы аясында 950 адам кәсіпкерлік негіздерін меңгерсе, олардың біразы қазір өз бизнестерін бастап кетті.

Айта кету керек, аталған бағдарлама бойынша 160 жастың әрқайсысына 500 мың теңгеден қайтарымсыз қаржы берілген. Сондай-ақ «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша елдімекендерге жұмыс істеуге келген жас мамандарға 72 млн теңге көтерме жәрдемақы бөлініпті. Алайда студенттер үшін ең өзекті мәселе – жатақхана жетіспеушілігі басы ашық күйінде қалып отыр. Себебі бүгінде облыста 3 мыңға жуық студент пәтер жалдап жүр.  Жалпы Ақмола облысында 146 мыңға жуық жастар бар. Бұл аймақ халқының 20 процентін құрайды. 

Дамир Іргібаев, облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы:

- Биылғы жылы 2550 орынға арналған ПСД жасалып, келесі жылы Алла жазса университет пен кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында жаңа жатақханалар салынатын болады. Жалпы алты жатақхана салынады. Оның ішінде мемлекеттік университетте 500 орынға және 160 орынға екі жатақхана салынады. Жекеменшік университетте 320 орынға бір жатақхана салынады және де кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында 300 орынға арналған типтік жатақхана салынады.

Хабар 24 телеарнасы