412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда тегін мұз айдындары ашылды

  • 628
  • UPD: 11:07, 18.12.2019
Алматыда тегін мұз айдындары ашылды

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында хабарлады.

«Алматылықтар Тұңғыш Президент саябағында, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ пен Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында ашылған тегін мұз айдындарында болды. Мұз арнайы салқындатқыш машиналардың көмегімен қалпын сақтап тұрмақ. Сол себепті Алматының құбылмалы ауа райы мұздың еріп кетуіне кедергі келтірмейді. Сырғанау алаңдары 10 наурызға дейін жұмыс істейтін болады. Мұз айдынында сағат 10:30-дан 23:00-ге дейін жалға беру пункттері жұмыс істейді», - деді Б.Сағынтаев.

Әкімнің айтуынша, жақында Түрксіб ауданындағы «MART» сауда үйінің алдында тағы бір мұз айдыны ашылады. Сырғанау алаңдарының жалпы аумағы шамамен 12 мың шаршы метр болмақ. Бұл — Медеу мұз айдынындағы мұздың бетіне қарағанда 1,5 мың шаршы метрге артық.

Хабар 24 телеарнасы