412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» арнасы «Мен еріктімін» шығарылымын ұсынады

  • 637
  • UPD: 16:34, 26.12.2019

Бүгін «Хабар» телеарнасында еріктілер бас қосады.

Шығарылым «Мен еріктімін» деп аталған. Бұл жоба алдағы Еріктілер жылына орай әзірленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда еліміздің әр түкпірінен келген волонтерлар мен олардан көмек алған жандар бастан кешкен оқиғаларымен бөліседі, тәжірибе алмасады. Сондай-ақ бағдарламада еріктілер қозғалысын дамыту мәселелері де талқыланады.

Гүлайым Әбдірахманова – еріктілердің қамқорлығын көрген жанның бірі. 2 жасар баласы қатерлі ісік ауруына шалдыққан кезде жанынан еріктілер табылған еді. Бас кезінде жап-жас қыз жігіттердің қалын сұрап, «қандай көмек керек» деп құрақ ұшқанын көргенде таңқалған. Кейіннен олармен туысқанындай араласып кетті. Қазір өзі де волонтер. Ол ерікті болуды ерлік деп біледі.

Гүлайым Әбдірахманова, қала тұрғыны:

Ол балаларға деген алғысым шексіз. Осы балармен кездескеннен кейін өзімнің көзім ашылды. Қазір өзім де волонтермін. Мен де қазір жұмыстан кейін осы балалар сияқты қиын жағдайда жүрген адамдарға барамыз. Ақысыз. Көбісі сұрайды сіздер қанша табасыздар деп. Қанша табасыз емес. Шын жүректен жасап жүрміз. Балаларға айтатыным, бақытты болсын.

Ал Гүлзат Айғали басқаратын «Алтын жебе» еріктілер ұйымының құрылғанына екі жылға жуықтады. Құрамында 50-ден аса адам бар. Олар әртүрлі саланың мамандары. Барлығы да жұмыс істейді. Дегенмен, өзгеге ерікті түрде ақысыз-пұлсыз көмек көрсетуге уақыт табады.

Гүлзат Айғали, «Алтын жебе» еріктілер тобының жетекшісі:

- Өздерінің бос уақытында қайырымдылықпен айналысады. Түрлі шараларды ұйымдастырамыз және қоғамға осындай мейірімділік қажет, жастарымыз да соны жасай алады. Осы бағдарлама алдағы жылда басқалармен бірігіп жұмыс істеуге септігін тигізеді.

Волонтерларды «Хабар» арнасы да қолдайды. Алдағы еріктілер жылына арнап арнайы шығарылым әзірледі. Онда волонтерлар қозғалысын бағыт-бағдары жайында, мақсат-міндеттері, жалпы оған халықтың назарын аударту мәселері айтылады.

Әсел Тұрсынғазина, бағдарлама продюсері:

- Бұл жобаға еліміздегі ең белсенді деген, ең үздік деген волонтерлар қатысады. Адам не себептен волонтер болуы керек. Оны осы жобада волонтерлардың өздері айтады. Яғни біз осы жоба арқылы волонтерлықтың елімізге берері не? Экономикаға қосар үлесі қандай? Жалпы халықтың әлеуметтік жағдайына волонтерлықтың қосатын үлесін айтамыз.

Бүгінде еліміз бойынша 150-ден аса еріктілер ұйымы жұмыс істейді. Оның құрамында 22 мыңнан аса жас бар. Ал, сол жандарды дәріптейтін «Елің үшін аянба» арнайы жобасы бүгін «Хабар» арнасында сағат 17:30-да көрсетіледі. 

Хабар 24 телеарнасы