419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұшақ апатына байланысты Қостанайдағы шұғыл штабқа 18 рет қоңырау шалынды

  • 623
  • UPD: 14:52, 28.12.2019

Алматыда болған ұшақ апатынан соң Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаментінде шұғыл штаб құрылды.

Штаб құрамына дағдарыс орталығының мамандары мен психологтар енген. Соңғы тәулік ішінде штабқа 18 қоңырау шалынған. Көбі апатта қаза тапқандардың, зардап шеккендердің арасында туыс-туғандары, жақын-таныстары бар-жоғын білуге асыққан. Өкінішке орай, қайғылы оқиғадан Қостанай облысының Жанкелдин ауданындағы үлкен бір әулет қара жамылды. Қызбел ауылының тумасы Абай Нұрбеков осы ұшаққа төрт баласымен, әйелімен бірге отырған. Апат кезінде отағасы қаза тапты. Балалары мен жұбайы ауыр жараланып, ауруханаға жеткізілген. Орны толмас қасыретке душар болған марқұмның ағайын-бауырларының тез арада Алматыға жетуіне штаб мамандары барынша көмек-қолдау көрсетті.  

Дәулет Төрежанов, ТЖД  Дағдарыс орталығы басқармасының басшысы:

-  Біз Нұр-Сұлтан әуежайындағы штабпен хабарласып, Алматыға дейінгі билет мәселесін шештік. Барған тұста да көмек-қолдау көрсету жағын қарастырып қойдық. Балалардың қай ауруханада, қандай жағдайда екендігін анықтап, біліп отырдық. Жол бойында  Абайдың бауыры Әділханмен үнемі байланыста болдық.

Хабар 24 телеарнасы