376,17 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістандағы «Жеңіс» саябағы күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігіне берілді

  • 222
  • UPD: 10:32, 01.01.2020

Енді жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары жаңарған саябақта демалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көп жылдан бері қаңырап бос тұрған «Жеңіс» саябағы күрделі жөндеуден өтті. Аз ғана уақыттың ішінде қайта жанданып, адам танымастай кейіпке енді. Жаңарған саябаққа келген тұрғындардың көңілі көтеріңкі. Туған қалаларының күн санап көркейіп келе жатқанына қуанышты.

Нағима Әгібаева, қала тұрғыны:

- Өте керемет. Қуанышты сезімде тұрмыз. Біздің қалаға көңіл бөлген Елбасыға алғыс. Түркістанымыз адам танымастай өзгеріп жатыр. Біз қуаныштымыз.

Саябақтағы 3 мың шарты метр жерге гранит тақтайшалар төселді. 2,5 түп көшет отырғызылды. Айнала толық түрлі-түсті шамдармен безендірілді. Субұрқақ орнатылып, айнала абаттандырылды. Заманауи скейт-парк, футбол алаңшасы іске қосылды. Барлығына 385 млн теңге қаржы жұмсалған.

Өмірзақ Шөкеев, облыс әкімі:

Тегі бір, тарихы ортақ түркі елдерінің түп қазығы киелі шаһарымыз Түркістан шаһары күн санап көркейіп келеді. Жаңа жыл қарсаңында ел игіліне берілген жаңа саябақ аз ғана уақыттың ішінде жаңа кейіпке еніп, тас жолдар төселіп, айналасы абаттандырылды. Сәні мен сәулеті келіскен нысан енді халық серуендейтін сүйікті мекенге айналары сөзсіз.

Мерекелік шара соңы «Жаңа жыл – жарқын бастама» деп аталған әдемі кешке ұласты. Елімізге танымал эстрада жұлдыздары әннен шашу шашып, Түркістан аспанын тербетті.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Самат Нағашыбекұлы

Хабар 24 телеарнасы