377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боранға байланысты бірқатар облыста жол жабық

  • 135
  • UPD: 09:18, 02.01.2020
Боранға байланысты бірқатар облыста жол жабық

Нұр-Сұлтаннан бірқатар бағытқа жол жабық, деп хабарлады ҚазАқпарат QazAvtoJol ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

Мекеменің мәліметінше, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында және Нұр-Сұлтан маңында боранға байланысты жол жабылған.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан – Петропавл (18-231 шақырымы), Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті (16-200 шақырымы), Екатеринбург – Алматы (1006-1247 шақырымы), Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр – Киевка – Теміртау (51-102 шақырымы), Қызылорда – Павлодар (1135-1383 шақырымы), Өскемен – Шемонаиха (105-123 шақырымы) тасжолдары жабылды. Көліктің барлық түрінің қозғалысына тыйым салынған. Ал Өскемен - Ресей шекарасы (15-105 шақырымы) тасжолында тіркемесі бар ауыр жүк көліктерінің жүруіне шектеу қойылған.

Хабар 24 телеарнасы