381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында Егіндібұлақ ауылының әкімі қызметінен кетті

  • 280
  • UPD: 22:12, 13.01.2020
Қарағанды облысында Егіндібұлақ ауылының әкімі қызметінен кетті

Қарағанды облысы Егіндібұлақ селосының әкімі болған Меруерт Мәдикенова жергілікті тұрғындардың наразылығынан соң өз өтініші бойынша қызметінен кетті. Бұған дейін арнамыздағы «Әкім» бағдарламасынан аталған басшының жұмысы, халықтың оған деген пікірі жайында сюжет көрсетілген болатын. Онда тұрғындар Меруерт Мәдикенованың өз лауазымына лайықты еместігін айтты. 

Сымбат Қуанышбаева, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

- Осы жылдың 5 қаңтарында Меруерт Мәдикенова өз қалауымен жұмыстан босату туралы өтініш жазып, 6-шы қаңтарда атқарып отырған лауазымынан босатылды. Қарағанды облысының әкімдігі осы оқиғаға байланысты, бұрыңғы әкімнің баласының бұл іске қатысты болуына аса наразы және істің жан-жақты, әділ, объективті түрде өткізілуіне мүдделі. 

Айта кету керек, экс-әкім қызметінен кеткен күннің ертеңінде, яғни 7 қаңтар күні арнамызға сұхбат берген жергілікті тұрғын Ерғанат Есболовты белгісіз біреулер соққыға жыққан. Кейін белгілі болғандай, оның бірі Меруерт Мәдикенованың ұлы болып шықты. Қазір бұзақылық жасаған басбұзарлар қамауға алынды. 

Жанатай Сембеков, облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

- 39 жастағы жәбірленушіге жасалған бұзықылық фактісі бойынша Қылмыстық Кодекстің 203 бабы 2-бөлігіне сәйкес, қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу барысында барлық бұзақылар анықталды және мойындау көрсетпелерін берді. Қазіргі таңда жоспарланған тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы