379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Армения мен Қырғызстаннан жеткізіліп жатқан көліктер тіркеуге қойылуы тиіс

  • 295
  • UPD: 23:34, 17.01.2020

Армения мен Қырғызстаннан жеткізіліп жатқан көлік атаулы тіркеуге қойылуы тиіс.

Құжаттар уақытылы рәсімделмесе, иелеріне 30 мың теңгеге жуық айыппұл салынып, көлігі айып тұрағына қойылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бірақ әзірге қатаң жаза қолданылмайды. Бұл алдын ала ескерту», - дейді Алматы қалалық полиция департаментінің мамандары. Аталған елдерден жеткізілген көліктерді кедендік тіркеу мен өзге де құжаттарын толық рәсімдеуге 500 мыңнан 3 млн теңгеге дейін қаржы  төленуі шарт. Рәсімдеу құны қымбат болғандықтан, шетелден көлікті арзан бағаға алғандар асығар емес. Айтпақшы, мұндай темір тұлпарлардың шығарылған мерзімі Еуро 5 стандарты бойынша 2008 жылдан төмен болмауы тиіс. Ескеретін тағы бір мәселе, ел азаматтарына шетелдік көліктерді сенімхатпен басқаруға рұқсат етілмейді.

Айта кетейік, былтыр Алматы көшелерінде сырттан келген осындай көлік иелері жол ережелерін жиі бұзып, ешқандай айыппұл төлемеген.

Жандос Мұратәлиев, қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының басшысы:

- Қай мемлекеттен кіргізілді, сол жақтың азаматтары ғана сенімхатпен жүргізе алады көлікті. Бір жылға дейін жүре алады. Бір жылдан кейін олар міндетті түрде көлік шығарылып, 30 күннен кейін қайтадан кіру керек. Ал, біздің азаматтар оны қолдана алмайды.

Хабар 24 телеарнасы