443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауылдардың тұрмысын түзеу үшін 800 жоба жүзеге асырылады

  • 255
  • UPD: 11:29, 24.01.2020
Ауылдардың тұрмысын түзеу үшін 800 жоба жүзеге асырылады

Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр  Асқар Мамин биыл 190 ауылда тұрмыс сапасын көтеру мақсатында нақты жұмыстар атқарылатынын мәлімдеді.  

«Ауыл халқының өмір сапасын жақсарту үшін «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 800 жоба жүзеге асырылады. Атап айтқанда, көліктік, инженерлік, әлеуметтік саладағы жобалар қолға алынады», – деді А.Мамин.

Алдағы 7 жылда бас-аяғы 3,5 мың ауылдағы инфрақұрылымды дамытуға 900 млрд теңге жұмсау көзделген.

Хабар 24 телеарнасы