426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде коронавирустың алдын алу мақсатында арнайы жаттығу өтті

  • 849
  • UPD: 09:17, 05.02.2020
Өскеменде коронавирустың алдын алу мақсатында арнайы жаттығу өтті

Өскемен әуежайында Қытай елінде шыққан қауіпті індеттің алдын алу мақсатында арнайы оқу-жаттығу шарасы өтті.

Оған эпидемиолог мамандар, медициналық қызметкерлер мен әуежай өкілдері қатысты. Шартты жоспар бойынша ұшақ бортында коронвирус белгілері байқалған жолаушы бар. Мамандар бірден ол адамды көлік капсуласымен оқшауландырып, қалған азаматтардың дене қызуын тексерді. Әдетте жұқпалы ауру жұқтырған адам бірден инфекциялық аурулар ауруханасына жеткізіледі. Ал бұл жолы әуежайдың оқшаулау бөлімінің  әзірлігі тексерілді. Арнайы қорғаныш киімін киген мамандар барлық сақтық ережелерін ескере отырып тиісті шараларды өткізді. Соңынан іс-әрекет болған аймақ түгелдей залалсыздандырылды. «Жалпы аталған оқу жаттығу барысы біз үшін бұрынғыдан айырықша болды» дейді қатысушылар.

Анар Сабырбаева, «Көліктегі  тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін БД» бөлімінің бас маманы:

- Оқшаулау бөлмесі  аэропортта бар екенін көрсеткіміз келді,ол жерде заттар мен құралдардың барын көрсеткіміз келді. Ерекшелігі сол бүгін күні короновирус инфекциясының ушығып тұрған  күнде шынайлыққа жақын болып тұр.Сол себепті өте маңызды деп ойлаймын,өйткені  әрбір жұмыскер осыны мықты қадағалап мықты дайын болу керек.

Хабар 24 телеарнасы