432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көлігін уақытша тіркеген алғашқы батысқазақстандықтың есімі белгілі болды

  • 551
  • UPD: 17:01, 06.02.2020

Ақпан айынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген көлік құралдарын елімізде уақытша тіркеу басталғаны белгілі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Батыс Қазақстан облысына соңғы 2 жылда Ресейден 40 мыңнан аса көлік кірсе, ал Армениядан мың жарымдай автомобиль әкелініпті. Бүгін өз темір тұлпарын уақытша тіркеген алғашқы батысқазақстандықтың есімі белгілі болды. Бәйтерек ауданының тұрғыны Әнуар Шаймарданов 2019 жылғы көлікті былтыр қараша айында сатып алыпты. Техникаға әлі екі жыл болмағандықтан, бастапқы тіркеу алымы небәрі 660 теңгеге шыққан. Автомобиль Ресейден кіргендіктен, кедендік баж салығы да салынбайды екен. Енді ол бір жыл ішінде утилизациялық алымды төлеп, көлікті тұрақты тіркеуге қоймақ ниетте.

Әнуар Шаймарданов, Бәйтерек ауданының тұрғыны:

Көлікті мен осы қаладан алдым. «Лада Веста» деген машина. Енді оны өзіме, қазақстандық нөмірге аударуға әзірге ақшам жоқ. Сондықтан уақытша тіркеуге қойып жатырмын. Алла қосса, ақшаны жинап, қазақстандық нөмірді алам.

Қобыланды Аманов, облыстық мемлекеттік кірістер департаментініің бас маманы:

- 2019 жылғы Ресейден келген көлік. Сондықтан да бастапқы тіркеуі 600 теңге болады. Соны төлейді де, нөмір мен техпаспортқа мемлекеттік баж төлейді. Сонымен тіркеледі де, сары нөмір алып, бір жылға дейін жүруге рұқсат етіледі. Осы уақыттың ішінде ол кісіге қалып тұрғаны 900 бірдеңе мың утилизациялық алым. Соны төлегеннен кейін қазақстандық нөмірді алуға толық құқылы болады.

Хабар 24 телеарнасы