425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда жаңа мектепті уақытылы тапсырмаған мердігер компанияның ісі сотқа жіберілді

  • 349
Петропавлда жаңа мектепті уақытылы тапсырмаған мердігер компанияның ісі сотқа жіберілді

Серіктестік 2017 жылы 900 орындық білім ошағының құрылысын бастаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Келісім бойынша әлеуметтік нысан өткен жылдың бірінші қарашасында қолданысқа берілуі тиіс еді. Алайда әлі күнге созбаққа салынып келеді. Жалпы бұл мектептің құрылысына ел қазынасынан 1 миллиард 800 млн теңге қаржы жұмсалды.

Владислав Лукин, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

– «Севимсталькон» серіктестігі былтыр бірнеше ауданда мектептерді күрделі жөндеуге алып, уақытылы аяқтамады. Тапсырысты тым көп болған. Үлгермей жатқан соң, біз келісімді желтоқсан айына дейін создық. Бірақ одан нәтиже шықпады. Қазір бұл мердігер компания мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы атанып отыр. Сотқа арыз жаздық. Мұнымен қоса 16 миллион теңге көлемінде айыппұл салуды талап етіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы