448,38 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетаулықтар екі күннен бері сусыз отыр

  • 102
  • UPD: 17:10, 26.02.2020
Көкшетаулықтар екі күннен бері сусыз отыр

Көкшетау қаласында екі күн бойы су жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24»

Коммуналдық қызмет мамандары тұрғындарды судан ажыратқан, себебі, магиcтральді құбыр жарылған. Бүгінде көп қабатты үйлер, мектептер, балабақшалармен өзге де әлеуметтік мекемелер сусыз қалған. Мамандардың айтуынша, ақауды жою үшін учаскенің қаланың ағын суларының басым бөлігі жиналатын жерде орналасқаны қиындық туғызып отыр. Бұл – шамамен 20 мың текше метр. Құбырды ауыстыру үшін коммуналдық қызмет өкілдері тәулік бойы су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр. Апатты жою жұмыстарына қалалық төтенше жағдайлар қызметінің мамандары да жұмылдырылған. Қазіргі таңда тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға су тасымалдау шаралары қолға алынды. Көкшетаулықтарды сумен қамту үшін жергілікті кәсіпорындардың көліктері де тартылған.

Еске салсақ, апат екі күн бұрын №2-ші кәріз станциясында болды. Алты метрлік тереңдікте диаметрі 800 миллиметр болатын құбыр жарылып кеткен.

Амангелді Смайылов, қала әкімі:

– Бүгін су деңгейін төмендеттік. Апатты жою мақсатындағы өзге де шараларды қолға алып жатырмыз. Сондықтан, қала тұрғындарының бұған түсіністікпен қарауын сұраймыз. Коммуналдық апатты жоюға бар күшімізді жұмылдырамыз.

Хабар 24 телеарнасы