411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы жеті мың үлескердің мәселесі шешіледі

  • 243
  • UPD: 21:26, 09.03.2020

Биыл елордадағы жеті мың үлескердің мәселесі шешіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Президент қабылдауында болған қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді. Шаһар басшысының айтуынша, осы жылы 20 үйдің құрылысы аяқталып, тұрғындардың игіліне беріледі. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе көп. Алтай Көлгіновтің айтуынша, өткен жылы даулы 10 үйдің құрылысы аяқталып, 2500 тұрғын баспаналы болды. Президент үлескерлерге қатысты мәселені ерекше бақылауда ұстауды, сондай-ақ тұрғын үй алаптарын дамыту және абаттандыру, тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажеттігін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев қала тұрғындарын алаңдатқан әлеуметтік проблемаларды шешу, қолжетімді баспана құрылысының көлемін ұлғайту, кезекте тұрған әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға берілетін пәтерлердің санын көбейту, инвестиция тарту, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету жайында да нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:

– Үлескерлердің мәселесін Президент өз бақылауында ұстап отыр. Биылғы жоспарды және алдағы уақытта бекітілген жоспарды аяқтау жөнінде тапсырма берді. Оған тиісті қаражат бөлінеді. Мысалы, біз өткен жылы 10 тұрғын үйді табыстаған болсақ, ол 2500 жуық үлескер. Биыл біз одан екі есе көп, яғни 20 үй жоспарға сәйкес аяқтайтын боламыз. Қалғандарын да келесі жылы біз үлескерлерге өзіміз көрсеткендей, жоспарға сәйкес жұмысты аяқтайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы