411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Ұлы Жеңіске арналған ескерткіштер қала келбетіне көрік келтіріп тұр

  • 259
  • UPD: 17:26, 12.03.2020

Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіске биыл 75 жыл толады. Қан майданда ерлік көрсеткен жерлестерімізге тек ТМД кеңістігінде емес, алыс-жақын шет елдерде де еңселі ескерткіштер қойылған. Батырларға тағзым көрсетуге арналған мүсіндер бас шаһарда да көп. 

Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен жерлестеріміз тек 9 мамырда емес, мәңгі жадымызда.

Өйткені батырлардың ортақ жеңіске қосқан үлесі, сөзсіз, ерен. Олардың ержүректігіне тағзым ету үшін ел аумағында бірнеше нұсқада монументтер қойылған. Мәселен, қатардағы жауынгер Григорий Болатовпен бірге Рейхстагқа тұңғыш ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың елордадағы мүсіні. Скульпторлық туынды 2016 жылы қаһарман атындағы даңғыл мен Бауыржан Момышұлы атындағы көше қиылысына қойылды. Мүсін авторы – Асқар Нартов.

Майдан Құсайынов, ҚР Қарулы күштері әскери-тарихи музейінің қызметкері:

- Қошқарбаев жоғары көтеріліп, тіреуіш қасына жақындап екі қолын созады. Булатов оның қолына қызыл туды ұстатады. Карменнің түсіріп тұрғаны көрінді. Бәрі бірауыздан УРА деп қайталады. Бірақ бір сағаттың ішінде ешкім келмеді. Біздікілер өлі аумақта. Екеуі Рейхстаг ішіне атойлап кіре алмады. Бір сағаттан соң лейтенант Сорокин қарамағындағы жауынгерлермен бірге жер бауырлап жақындады. 

Мирлан Алтынбек, тілші:

- Еліміздегі еңселі ескерткіштердің бірі – қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұловаға арналған монумент. Монументтің үлкендеу түпнұсқасы Ақтөбе қаласында орналасқан. Бұл туынды осыдан бірнеше жыл бұрын Ақтөбе облысының елорда туған күніне арнаған тартуы болып саналады. Батыр қызға арналған мүсін алыс-шалғай мемлекеттерде де бар. 

Мерген қызға арналған бұл ескерткіш Жеңіс даңғылында орналасқан. Қоладан, граниттен және бетоннан жасалған. Ал осыдан 5 жыл бұрын елорданың «Жерұйық» саябағында генерал-майор Иван Панфилов пен оның 28 қаһарманына арналып ескерткіш қойылды. Мемориалдық кешенді Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ашқан болатын. 

Майдан Құсайынов, ҚР Қарулы күштері әскери-тарихи музейінің қызметкері:

- Генерал Гусенево ауылында өзінің орналасқан жерін карта арқылы анықтап тұрған кезде маңына миномет минасы түседі. Жарылған мина сынықтарынан жазым болады. Өзі басқарған дивизиясы гвардиялық атау алғанын білмей кетті. Бұл командир есімі берілген тұңғыш дивизия болып тарихта қалды. 

Биіктігі 2,5 метр болатын монумент қоладан құйылған. 1941 жылы Иван Панфилов 316-атқыштар дивизиясының командирі ретінде Волоколам бағытында ашық ұрыс жүргізді. Генерал сол жылдың 18 қарашасында неміс минометінен ауыр жарақаттанып қаза тапты. Қазасынан кейін 1942 жылы Кеңес Одағының батыры атағы берілді. 

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Асхат Қарақойшиев, Жандос Битабаров

Хабар 24 телеарнасы