412,10 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Экология министрі Түркістан облысындағы су қоймалары мен суландыру жүйесінің жағдайын тексерді

  • 255
  • UPD: 17:03, 12.03.2020
Экология министрі Түркістан облысындағы су қоймалары мен суландыру жүйесінің жағдайын тексерді

Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі гидротехникалық ғимараттар мен суландыру жүйесінің жағдайын тексерді.

Атап айтқанда, министр Түркістан облысының Жетісай, Мақтарал, Сарыағаш, Келес аудандарындағы суландыру жүйесінің ахуалы мен олардың суару маусымына дайындығымен танысты. Ведомство басшысы сондай-ақ, аудан халқымен жүздесіп, олардың талап-тілегін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

«Проблемаларды шешу жолдарын облыс халқымен жəне су шаруашылығы мамандарымен бірге талқылап, нақты шараларды белгіледік. Өсімдік өсетін мезгілдегі сумен қамтамасыз ету мəселесін жеке бақылауда ұстайтын боламын», – деп жазды министр өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Сонымен қатар, М.Мырзағалиев Шардара су қоймасының, Қызылқұм магистральдық арнасы мен Көксарай қайта реттегішінің ахуалын зерттеді.

«Қолға алынған нысандарды қайта салу жұмыстарын мерзімінде аяқтау, арналарды тазалау, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді сумен қамтамасыз ету туралы талап-тілегін есепке алуы қажет», – деп атап өтті министр.

Хабар 24 телеарнасы