448,38 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы балабақшалар уақытша жабылады

  • 226
  • UPD: 18:45, 17.03.2020
Елордадағы балабақшалар уақытша жабылады

Қалада карантин режимінің енгізілуіне байланысты ертеңнен бастап Нұр-Сұлтандағы барлық балабақша, үйірмелер жұмысын уақытша тоқтатады.

Бұл туралы шаһар басшысы Алтай Көлгінов баспасөз мәслихатында айтты. Ол сондай-ақ маска тапшылығы мәселесін болдырмау үшін «СК-фармация» мекемесімен бірлесе жұмыстанып жатқандарын жеткізді. Айтуынша, жуырда қалаға 400 мың дана маска әкелінген. Тағы 1 миллионына тапсырыс берілген.

Қазіргі уақытта 32 адамның коронавирустың жаңа түрін жұқтырғаны анықталды. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин енгізілді. 

Ал Қазақстан Президенті ел аумағында төтенше жағдай жариялап, қазақстандықтарға телевизиялық үндеу жасаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы