423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Петропавлдағы балабақшалар күшейтілген санитарлық режимге көшті

  • 341
  • UPD: 22:01, 17.03.2020
Петропавлдағы балабақшалар күшейтілген санитарлық режимге көшті

Петропавлдағы барлық балабақшалар күшейтілген санитарлық режимге көшті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне сақтық шараларына деп 5 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Жергілікті бюджеттен қарастырылған қаражатқа бетперделер мен антисептик құралдары сатылып алынды. Ал, ғимараттар іші қазір бірнеше мәрте жуылып, тазартылады. Медбикелер болса, күнде ертесіне балақайлармен тәрбиешілердің дене қызуын өлшеп, оларды арнайы тексерістен өткізеді. Дегенмен де соңғы күндері шаһарда балабақшаларға келушілердің саны 60%-ке дейін азайып кеткен.

Сайран Испандиярова, қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Қазір біз балабақшаларда сақтық шараларын күшейттік. Тазалық жұмыстары күніне төрт рет өткізіліп тұрады. Бөлмелерге кварц қоямыз. Терезелерді ашып ғимаратты жиі желдетіп отырамыз. Барлық 57 мектепке дейінгі тәрбие беру ошағы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Хабар 24 телеарнасы