424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Самұрық-Қазына» қазақстандық тауар өндірушілер үшін сатып алу талаптарын жеңілдетті

  • 477
  • UPD: 23:19, 17.03.2020
«Самұрық-Қазына» қазақстандық тауар өндірушілер үшін сатып алу талаптарын жеңілдетті

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры қазақстандық тауар өндірушілер үшін сатып алу талаптарын жеңілдетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тиісті шешім қордың басқарма мүшелері қатысқан отырысында қабылданды. Енді отандық компаниялар жергілікті әкімдер бекітетін тауар өндіруші мәртебесін растайтын тізімде болса жеткілікті. Осылайша, қор мемлекет басшысының экономиканы тұрақтандыруға қатысты берген тапсырмасын орындамақ.

Айта кетейік, жыл басынан бері 2360 отандық тауар өндіруші «Самұрық-Қазынаға» қарасты компаниялардан жалпы сомасы 216 миллиардқа жететін тапсырыс қабылдаған.

Ахметжан Есімов, «Самұрық-ҚАЗЫНА» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы:

Енді әкімдер бекіткен тізімнің өзі жеткілікті. Олар өздерінің өндірушілерін жақсы біледі, сондықтан жауапкершілік те соларға артылады. Сондықтан әкімдерге бұл тізімді бізге ұсыну жөнінде тапсырма беруіңізді сұраймын. Ал біз оларды тауар өндірушілер тізіміне тіркейміз.

Хабар 24 телеарнасы