429,96 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылады

  • 548
  • UPD: 21:31, 19.03.2020

Коронавирус туралы жалған ақпарат таратып, елді дүрліктірген Қостанай облысының тұрғыны заң алдында жауапқа береді. Күні кеше WhatsApp мессенджерінде «Германиядан Қарабалық ауданына келген отбасының дене қызуымен жергілікті ауруханаға жатқызылды» деген дыбыстық хабарлама тарап кеткен.

Полицейлер көп ұзамай оның иесін анықтады. Ол Қостанай қаласының 38 жастағы азаматшасы боп шықты. Тергеу барысында індет жұқтырған отбасының шетел аспағаны, әрі барлық мүшесі аман-сау екені белгілі болды. Айта кету керек, Денисов ауданында тіркелген осындай факт бойынша тағы бір іс сотқа дейінгі өндірісте жатыр. Жалған ақпарат таратқан адам әлі іздеуде жүр. 

Кенже Қонысбай, ПД баспасөз қызметінің бас маманы:

- Ол Қазақстан Республикасы ҚК-нің 274-бабы 2-тармағына сәйкес заң алдында жауапқа тартылады. Яғни бұл заң 3000 АЕК және 800 сағатқа қоғамдық жұмысқа салынуды немесе 3 жылға бас бостандығынан айыруды көздейді.

Хабар 24 телеарнасы