419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

iKomek109 орталығы күшейтілген жұмыс кестесіне көшті

  • 466
  • UPD: 15:26, 20.03.2020
iKomek109 орталығы күшейтілген жұмыс кестесіне көшті

Елордадағы iKomek бірыңғай байланыс орталығы карантинге байланысты күшейтілген жұмыс кестесіне көшті.

Қазір 50 оператор тәулік бойы қала тұрғындарынан түскен қоңырауға жауап береді. Орталық мамандары үш ауысыммен қызмет етеді. Қазір тұрғындардан түсетін қоңыраудың басым бөлігі карантин ережелеріне байланысты екен. Сондықтан орталық қалалық әкімдік жанындағы жедел штабпен тығыз байланыста жұмыс істейді. Алғашқы медициналық нұсқау беру үшін арнайы білімі бар үш оператор бекітілген. Соңғы тәулікте орталыққа 8 мыңнан аса қоңырау түскен екен. Жалпы, iiKomek орталығы қала әкімдігіне қарасты 51 қызмет түрі бойынша кеңес береді.

Берік Ахметов, iKomek109 орталығы басшысының орынбасары:

– Осы төтенше жағдайға байланысты біз қаланың бірыңғай байланыс орталығы болғандықтан, біз мамандандырылған операторларға ақпаратты бердік, оларды үйреттік. Және олар халыққа кеңес беруге, коронавирус жайлы қандай сұрақ қойса және қаладағы режим бойынша кеңес береді.

Хабар 24 телеарнасы