447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында идеологиялық жұмыстар күшейтілді

  • 111
  • UPD: 14:48, 22.03.2020
Жамбыл облысында идеологиялық жұмыстар күшейтілді

Жамбыл облысында идеологиялық жұмыстар күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде бұл бағытта 107 адамнан тұратын 5 топ жұмыс істеп жатыр. Оған прокуратура, мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен кәсіпкерлік палатасының мамандары тартылған. Олар аудан, ауылдарды аралап, жұртшылыққа ақпараттық-түсіндіру, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу, ауылдағы бизнес, құқық қорғау саласы бойынша бағыт-бағдар береді. Негізгі мақсат – ауылдардағы қордаланған мәселелерді анықтап, кезек күттірмейтін проблемаларды дер кезінде шешуге ықпал етпек. Бүгінгі күнге дейін мамандар 5 мыңнан астам адаммен кездесіп, 96 азаматқа консультативтік көмек көрсетілген.

Дауыл Бейсенқұлов, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы:

- Бұл мәселелер бойынша арнайы аудан мен облыс деңгейінде арнайы Жол картасы әзірленетін болады. Әрине, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселердің  барлығы бойынша шаралар қабылданып, халықтың қандай да бір әлеуметтік мәселелерін, тұрмысты жақсартуға бағытталған іс-шаралар іске асатын болады.

Хабар 24 телеарнасы