447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда қоғамдық көлік кешкі сағат жетіге дейін қатынайтын болады

  • 81
  • UPD: 22:43, 25.03.2020
Алматыда қоғамдық көлік кешкі сағат жетіге дейін қатынайтын болады

26 наурыздан бастап Алматыда қоғамдық көлік кешкі 19:00 дейін жүретін болды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сарапшылар жүргізген талдауға сәйкес, қоғамдық көліктегі жолаушылар ағыны 70%-ға төмендеген. Осыған байланысты төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Алматының жедел штабы қалалық автобус маршруттары мен метроның жұмыс уақытын қысқарту туралы шешім қабылдады. Сонымен қаладағы қоғамдық көлік сағат 06:00 мен 19:00 арасында жұмыс істейді. Айта кетейік, бұған дейін жолаушылар ағынының айтарлықтай төмендеуіне қарамастан қала тұрғындарының еркін қозғалуы үшін автобустар жұмыс істеуін жалғастырған болатын. Қалааралық және қала маңындағы маршруттардың жұмысы тоқтатылды.

Хабар 24 телеарнасы