435,87 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертең Алматыдағы коронавирус жұқтырған науқас ауруханадан шығады

  • 96
  • UPD: 20:25, 26.03.2020
Ертең Алматыдағы коронавирус жұқтырған науқас ауруханадан шығады

Ертең Алматыдағы коронавирус жұқтырған науқас ауруханадан шығады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Науқастың қазіргі жағдайы бір қалыпты. 40 жастағы әйел Еуропа елдерінен ауырып келген. Бұл туралы қалалық клиникалық инфекциялық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Бақыт Отағанов хабарлады. Емдеу орнында 34-тен аса науқас жатыр. Олардың 30-ынан індет расталды. Ауруханада 4 жасанды тыныс алу аппараты бар. Денсаулық сақтау министрлігі қосымша бірнешеуін алып бермек. Науқастардың біреуі ауыр халде, тағы екеуінің жалпы жағдайы орташа. Емдеу шаралары клиникалық хаттама бойынша жүргізіледі. Вирусқа қарсы емге қажет жабдықтар жеткілікті. Дәрігерлер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы