411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да еріктілер бетперде таратуда

  • 159
  • UPD: 21:02, 26.03.2020
ШҚО-да еріктілер бетперде таратуда

Шығыс Қазақстан облысында инфекциялық аурудың алдын алу үшін қолданылатын бетперделер тұрғындардың үйіне дейін жеткізілуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Медициналық қорғаныш бұйымын тегін таратуға Өскемен мен Семей қаласының еріктілері бір адамдай жұмыла кірісті. Осылайша, демалыс күндері 200-ден астам шығысқазақстандыққа бетперде жеткізілді.

Айта кету керек, елдегі эпидемиологиялық ахуалға орай өңірде профилактикалық жұмыстар жетілдіріліп, сақтық шарасы күшейтілген. Мәселен, Семейде бірнеше тігін цехі қауырт жұмысқа көшті. Олар 4 қабатты медициналық маска тігуге ерекше ден қойып отыр. Тігілген бұйымдардыңі басым бөлігі тегін таратылымға түседі.

Айнұр Ахметова, тігін цехының директоры:

- Бұл бетперделерді тігу үшін материалды Шымкенттен алғыздық. Келер аптадан бастап жаңа дизайнға көшеміз. Елге қолдау көрсетуге ниет білдіріп жатқандар көп. Олар тіпті демалыссыз жұмыс істеуге дайын.

Хабар 24 телеарнасы