411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада тамақ жеткізу қызметіне сұраныс артты

  • 184
  • UPD: 22:40, 29.03.2020

Сақтық шаралары күшейгелі кей қызметке сұраныс артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның бірі – дайын тамақты жеткізіп беру қызметі. Бірақ тап қазіргідей жағдайда тамақты жеткізу қаншалықты қауіпсіз?

Бұл күнде мейрамхананың дайын тамағына сұраныс артқан. Кәсіпкер Манас Наурызым басқаратын компанияның өзінде осы дайын асты жеткізіп берумен 50-ге жуық адам айналысады.

Манас Наурызым, дайын тамақты жеткізу компаниясының өкілі:

- Жұмысқа тұрам деген кісілердің саны екі есеге көбейді. Бірақ қаншалықты керек, соншалықты алып жатырмыз. Қазіргі кезде тапсырыстар саны 20-30%-ке өсіп жатыр. Біздегі курьерлер санын 20%-і толықтырып жатырмыз.

Карантинге байланысты кей компаниялар қазір қашықтан жұмыс істеуге көшкен. Тіпті адамдарды жұмысқа қабылдау да онлайн режимде жүргізіледі. Бұны такси қызметінің кеңсесіне бас сұққанда түсіндік.

Алматылық такси жүргізушілері де тамақ тасу сынды қосымша қызметтен нәпақа тауып қалуға тырысады.

Блиц:

- Кеше қоңырау шалып, GLOVO-ға тіркелгім келетіні жайлы айттым. Олар болса, ия ертең сағат 11:00-де келе беріңіз деді. Енді келсем, сыртта 200-дей адам тұр. Жұрттың бәрі тамақ тасуға лап бергендей.

Күнкөрістің қамымен елордалық такси жүргізушілері де тамақты үйге жеткізіп беруге дайын. Бірақ сақтық шараларының күшеюіне байланысты біраз қиындыққа тап болған.

Блиц 1:

- «Карантин кезінде қалада жүріп-тұруға рұқсат беретін анықтаманы алып кетіңіздер» деді. Таңертең мұнда келсек, адам көп. Полиция келіп, бәрін тарқатып жіберді. Түсінікті ғой, карантин болған соң көшеде үш адамнан артық жүрмеуі тиіс. Анықтама үшін қайта айналып келдім, міне.

Блиц 2:

- Қалада не себеппен жүргенімізді қағаз жүзінде көрсету керекпіз де, сол үшін келдік, осы анықтаманы алып кетуге. Енді вапсатқа хабарласып. білеміз жағдайды. Егер анықтама ала алмасақ, үйде отырамыз.

Блиц 3:

- Міне, ватсап арқылы хабарласып жатырмыз. Бізге анықтама қағазды онлайн жібереміз деп жатыр.

Такси жүргізушісі өзінің жұмыс істейтінін дәлелдеу үшін анықтаманың электронды нұсқасын алдыруына болады. Дайын асты жаяу немесе велосипедпен жеткізіп берушілер де осындай құжат алып жүреді. Демек, мұндай қызмет түрлері карантинге қарамастан жұмысын жалғастыра бермек.

Хабар 24 телеарнасы