430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алдағы діни мейрамдар кезінде карантин режимін сақтау керек – Дәурен Абаев

  • 612
  • UPD: 18:04, 03.04.2020
Алдағы діни мейрамдар кезінде карантин режимін сақтау керек – Дәурен Абаев

Сәуір айында бірқатар діни мейрамдар бар. Коронавирус эпидемиясына байланысты Діни бірлестіктерге мерекелік діни рәсімдерді онлайн режимде өткізу ұсынылды.

Бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

«Қазіргідей күрделі уақытта ең басты мәселе – адамның денсаулығы мен амандығы. Ешқандай дін адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенді мақұлдамайды. Осы ретте барлық діни және этно-мәдени ұйымдардың басшылары мен азаматтарды түсіністік танытуға шақырамыз. Діни мейрам кезінде карантин режимін сақтауды сұраймыз. Діни бірлестіктерге мерекелік діни рәсімдерді онлайн режимде өткізуді ұсынамыз», - деді министр.

Азаматтардың діни сенімдеріне зор құрмет көрсетілетінін, алайда адам денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін коронавирус індетіне байланысты бұрын соңды болмаған шектеулер енгізіліп жатқанын айтып өтті.

«Себебі бұл діни шаралар кезінде адамдар ғибадат орындарына барып, туыстарымен, жақындарымен жиналады. Одан да басқа мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысады», - деді Д.Абаев.

Айта кетсек, биыл қасиетті Рамазан айы 25 сәуірде басталады, ал Құрбан айттың бірінші күні 31 шілдеге тұс келеді. Мұсылмандардың 2020 жылғы діни күндер кестесін мына жерді басу арқылы көруге болады.

Хабар 24 телеарнасы