428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстікқазақстандық жастар мүмкіндігі шектеулі жандарға қолғабыс етіп жүр

  • 409
  • UPD: 23:24, 04.04.2020
Солтүстікқазақстандық жастар мүмкіндігі шектеулі жандарға қолғабыс етіп жүр

Отан алдындағы парызды өтейтін сәт келді.

Бұл «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Әкімжан Еркінұлының пікірі. Азамат бүгінгідей қиын кезеңде волонтерлермен «Біз біргеміз» акциясына қатысып, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қолғабыс етіп жүр. Және де ол барлық әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы Президенттің жарлығына қолдау білдіріп, жастарды жұдырықтай жұмылуға шақыруда.

Әкімжан Еркінұлы, «Жас сарбаз» балалар-жасөсіпірмдер әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысы филиалының төрағасы:

- Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы атамыз: «ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ет», деп айтып кеткен кезінде. Жастар, ер азаматтар үйде жатпай, осы елімізге өзінің көмектерін беретін сәт туды деген ойдамын. Неге? Себебі әр ер азамат осы елімізге борышын өтеуі керек. Болашақ біздің қолымызда. Сондықтан осындай қиын қыстау заманда біз көмектесуіміз керек.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

 

Хабар 24 телеарнасы