Таразда 86 жастағы қария коронавирус жұқтырып алды, деп хабарлайды «Хабар 24»
Эпидемиологиялық тексеру барысында әжей Алматыдан келген жақын туысымен байланыста болғаны белгілі болды. Қазір ол инфекциялық стационарда ем алуда. Ал онымен қарым-қатынаста болған бес тұлға анықталып, карантинге оқшауланды. Науқас тұратын көп пәтерлі үйдің кіре берісі карантинге жабылды. Ал осы подъездегі пәтерлердің 27 тұрғыны 14 күнге оқшауланып, баспаналарынан шығуға тыйым салынды. Оларды қажетті азық-түлікпен қалалық әкімдік қамтамасыз етіп отыр. Үй сыртына бақылау қойылып, полиция қызметкерлері кезекшілік етуде.