412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жолаушылар ұшаққа санитарлық талап бойынша отырады

  • 157
  • UPD: 22:53, 27.04.2020

1 мамырдан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында күніне төрт әуе рейсі қатынайды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Оның екеуін «Эйр Астана», біреуін Flyarystan және біреуін «Скат» әуе компаниясы жүзеге асырады. Ұшақ билетінің бағасы да карантинге дейінгі сомадан қымбат болмауы тиіс. Әуе кемесіне отырғызу Бас санитар дәрігердің бекіткен талаптар бойынша жүргізіледі. Ұшуға ниеттенген жолаушыда «КОВИД-19» індетін жұқтырмағаны туралы анықтама мен жеке қорғаныс құралдары яғни маска, қолғап болуы міндет. Ал әуежай мен ұшақта зарарсыздандыру жұмыстары күшейеді. Әрине, мұның бәрі жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жасалған. Егер елдегі інтеттің таралуы азайса, рейстердің саны артады. Сондай-ақ өзге мемлекетте қалған отандастарымызды елге жеткізу ісі де алға басады.  

Дәурен Абаев, ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі:

– Қазір шетелде Қазақстан Республикасының 175 мың азаматы бар. Олардың көпшілігі Отанына оралғысы келеді. Президент айтқандай, мемлекет ешкімді қиындықта тастамайды. Сондықтан қайта оралғысы келетіндердің барлығын әкелеміз. Қазір Сыртқы істер министрлігі осы бағытта үлкен жұмыс жүргізуде. Өздеріңіз білетін шығарсыздар, кейбір дамыған елдердің өзінде шетел азаматтарын емдеуден бас тартып, медициналық сақтандыруды жойып жатыр. Мысалы, біз АҚШ-тан 179 азаматымызды алып келеміз. Бұлар студент пен мектеп оқушылары. Польшадан 65, Израильден 28 азаматымызды жеткіземіз. Ресейден мамыр айында 6 мыңнан аса азаматымызды әкелуді жоспарлап қойдық.

16 наурыздан бері төтенше жағдай режимін бұзған 16 мың адам ұсталды. Оның 12 мыңдайы әкімшілік жауапқа тартылды. 4 мыңдай іс сотта қаралып жатыр. Бұған қоса Ішкі істер министрлігі індетті жұқтырған науқастармен байланыста болған 6 жарым мыңнан астам адамның тұрғылықты мекенжайын анықтады. Қазір 7 адамды іздеу жалғасып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы