412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада бөпелі болған келіншектерге тосынсый жасалды

  • 224
  • UPD: 22:50, 15.05.2020
Қызылордада бөпелі болған келіншектерге тосынсый жасалды

Қызылордада перинаталдық орталықтан үйіне шығарылған аналар тосынсыйға кенелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құндақтаулы сәбилерін бауырына басқан әйелдерді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы құттықтап, жетек арба сыйлады. Бұл бүгінгі халықаралық отбасы күніне орайластырылған іс-шара. Ана мен бала орталығының мамандары «Отбасында сәбиге күтім жасау», «Нәрестелердің дұрыс тамақтануы» тақырыбында ақпараттық-әдістемелік нұсқаулықтар да үлестірді. Жас аналарға тәжірибелік сабақ өткізді. Жалпы, жыл басынан бері облыста 4 мыңдай нәресте дүниеге келген. Оның – 52,7%-і қыз, қалғаны ұл. Сырбойылық аналар биыл 68 егіз және 2 үшемді өмірге әкелді.

Нұргүл Кенжебекова, қала тұрғыны:

– 1981 жылғымын. 8-ші бала дүниеге келіп жатқан. Былтыр көп балалы ретінде Бәйтеректен үй берілді. Сол жақта тұрамын. Былтыр егіздерді дүниеге әкелгенмін. Баламның аты – Елжан Әжесі қойды. Салмағы 4 жарым келі. 

Айдана Дәуренбекова, қала тұрғыны:

– 7-ші бөпемді босанып отырмын. Отбасы күні құтты болсын. Ана мен бала орталығы ұжымына рақмет айтамын. Қуаныштымын. Баламда бәрі жақсы.

Хабар 24 телеарнасы