420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Байқоңырда алғашқы коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді

  • 389
  • UPD: 20:26, 19.05.2020
Байқоңырда алғашқы коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді

Байқоңыр қаласында алғашқы вирус жұқтыру дерегі тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

COVID-19 індеті Атырауда вахталық әдіспен қызмет істейтін жұмысшыдан анықталды. Науқас Қазақстан азаматы болғанымен, мекенжайы бойынша ресейлік тіркеуде. Сондықтан Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санына кіргізілмейді. Қазір ол Ресей Федерациясына қарасты емдеу мекемесінде ем алып жатыр, жағдайы бірқалыпты. Жалпы өңірге өзге аймақтардағы мұнай кеніштерінен келген мың 23 жұмысшының 21-інен індет анықталды. Ал, облыс бойынша індет жұқтырған 255 адамның 210-ы сауығып шықты. Науқастармен байланыста болған 3,5 мыңдай азамат бақылауға алынған.

Жақсылық Әбдісәметов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Күнделікті беріп отырған ақпарат ішінде жалпы анықталған науқастармен стационарда ем алып жатқан және шыққан науқастардың санында сәйкессіздік орын алып отыр. Өйткені тіркелген науқастардың екеуі Ресейде анықталған. Алдағы уақытта сырттан келетін азаматтарддың қарым-қатынас арқылы инфекция берілуінің алдын алу мақсатында барлық азаматтар тұрғылықты мекенжайы бойынша емдеу ұйымына хабарласуын сұраймыз.

Хабар 24 телеарнасы