399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да балабақшалар жұмысын бастайды

  • 66
  • UPD: 11:45, 23.05.2020

Шығыс Қазақстанда бүгіннен бастап қалааралық автобустар қатынасы жанданады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар балабақшалар қызметі басталады.

Эльмира Ахметова, тілші:

– Біздегі өзгерістердің бірі бүгіннен бастап жаздың жайлы күндерінде әсем табиғат аясына шығып демалуға мүмкіндік бар. Бұл ақпарат өскемендіктерді ерекше қуантты.Енді табиғаты тамсандыратын Сібе Бұқтырма,Таулы Үлбі аумағына баруға әбден болады. Тек бұл тұрғыда біраз нәрсені ескеру керек.

Облыстағы өткізу бақылау пунктері әлі алынған жоқ. Бірақ ол жерден қала сыртына шығу үшін ешқандай кедергі жоқ. Бүгіннен бастап облыс орталығымен қатынайтын барлық аудандаралық автобус желіге шықты. Ал автовокзал болса, карантиндік талаптарды сақтап қызмет көрсетуге мықтап әзірленуде. Барлық кіру шығу аймақтары белгіленіп, бейсауыт адамдардың ары-бері жүре бермеуі үшін қам жасалған.Әрбір жолаушы арнайы посттан өтеді. Кабинетте инфрақызыл сәуле арқылы дезинфекция жасалады,бұдан бөлек санитайзерлер және тіпті аяқ киімді зарарсыздандыратын кілемшелер де төселген. Алғашқы жолаушылар автобусы Ұлан ауданына сағат алтыда аттанып кеті. Осылайша Глубкое, Белоусовка кенттеріне де жол ашық. Осындай шешімдерді қабылдауға не себеп болды және тұрғындар қандай жерлерде демала алады бұл туралы біз бас санитарлық дәрігерден сұрап білгген едік, тыңдап көрейік

Марат Исмаилов, облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:

– Өскемен қаласында бір айдан бері коронавирус инфекциясы жаңа жағдайының жоқ болуына байланысты Өскемен қаласының тұрғындарына осы қала сыртындағы демалыс аймақтарына шығуға рұқсат етіледі. Демалыс аймақтары дегеніміз, ормандар, көлмен судың жағалауына шығуларына рұқсат етіледі және де олар шығу кезінде арнайы блок-пострдан ешқандай арнайы құжаттама алудың қажет емес.

Осылайша, баса ескерте кеткен жоқ, демаплыс базаларына емес ашық алаңқайда, су жағасында тауда,орманда қысқасы белгілі бір ғимарат ішінде емес тек табиғат аясында демалуға ғана рұқсат. Бұл адам шоғырының алдын алу мақсатында көзделген дүние.

 

 

Хабар 24 телеарнасы