432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бейбіт жиналыстар туралы заңда құқық қорғаушылардың кеңестері еленбеді ме? Депутат жауабы

  • 314
  • UPD: 20:52, 26.05.2020
Бейбіт жиналыстар туралы заңда құқық қорғаушылардың кеңестері еленбеді ме? Депутат жауабы

Бейбіт жиналыстар туралы заң жобасына өзгеріс енгізу барысында құқық қорғаушылардың берген кеңестерін неліктен толығымен елемедіңіздер? 

«Хабар 24» арнасындағы Қазақстанның конституциялық заңдарына енгізілген заңдарға қатысты брифингте осындай сұрақ қойылды. 

Сұраққа ҚР Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева былай деп жауап қайырды:

«Заң жобасы Парламентте қабылданбас бұрын біраз уақыт осы жобамен жұмыс жүргізілді. Жоба бірқатар алаңда талқыланды. Ал құжат Парламентке түскен кезде бізге құқық қорғаушылардан көптеген рекомендация келіп түсті. Айтайын дегенім, біз бұл кеңестің барлығын толық дерлік елемедік деуге болмайды. Көптеген рекомендацияны ескердік. Мысалы, журналистер қауымының осы заңда жазылғандай видео- және фотоматериалдарды беруге міндетті болатындығы туралы тұсы көңілдерінен шықпады. Біз олардың бұл айтқандарын ескеріп, заңнан бұл міндетті алып тастадық. Сондай-ақ қоғам белсенділері мен құқық қорғаушылар бейбіт жиналыстардың арнайы белгіленген бір жерде өтуі тиіс болғандықтан, егер бұл жер сол керек уақытта бос болмай қалатын болса, онда бұл ақпаратты жергілікті атқарушы биліктің сайтында алдын ала айтуы керектігін талап еткен болатын. Біз бұл мәселені де есепке алдық. Cонымен қатар бейбіт жиналысқа қатысты хабарлау мерзімінің тым ұзақ екені де құқық қорғаушылардың көңілінен шықпады. Содан мерзімін үш есеге қысқарттық. Мұны Мәжіліс депутаттары заң жобасымен жұмыс аясында жасады. Тағысын тағы айта беруге болады. Жалпы рекомендациялардың көпшілігін ескердік».

Хабар 24 телеарнасы