432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы блокпостта жараланған полицейдің жағдайы жақсарып келеді

  • 409
  • UPD: 17:59, 02.06.2020
Алматыдағы блокпостта жараланған полицейдің жағдайы жақсарып келеді

Алматыдағы блокбекетте болған қайғылы оқиға кезінде зардап шеккен полиция қызметкерінің жағдайы жақсарып келеді дейді дәрігерлер.

Қазіргі таңда науқас жансақтау бөлімінен профильді нейрохирургия бөліміне ауыстырылған. Ауыр жарақат алған азаматтың басына дәрігерлер шұғыл түрде операция жасаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 25 мамыр күні таңғы сағат 5 жарымда 1992 жылы туған азамат BMW маркалы көлігімен мас күйінде блокбекеттегі полиция көлігін соғып, оқиға орнында екі полиция қызметкері қайтыс болып, біреуі ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген еді.

Ерлан Түг елбаев, дәрігер нейрохирург:

- Науқастың қазіргі жағдайы орташа ауырлықта. Алдыңғы күнге қарағанда неврологиялық белгілерінде өзгеріс жоқ. Ем жалғасуда. Операция жасалған жараны күту және реабилитация.

Хабар 24 телеарнасы