423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әскери борышты өтеу 2 жылға дейін ұзартыла ма

  • 437
  • UPD: 18:05, 08.06.2020
Әскери борышты өтеу 2 жылға дейін ұзартыла ма

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев Қазақстан армиясын мерзімді әскери борышты өтеу жүйесін 2 жылға көшіру мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мұндай әңгіме жиі көтеріліп тұратындығын атап өткім келеді. Бірақ бүгінде әскери борышты 1,5-2 жыл өтеуге көшіру жоспарымызда жоқ», –  деді Бақыт Құрманбаев БАҚ өкілдерімен кездесу барысында.

Сонымен қатар ол «1 жылдың ішінде сарбаз барлық әскери машықты игеріп шыға ала ма?» деген сауалға да жауап берді. «Жас сарбаз курсын өту барысында әскери бөлімге алғаш келіп түскенде жеке қаруды қолданумен байланысты барлық мәселе қарастырылады. Яғни, олар автоматпен, тапаншамен атып үйренеді. Аталған атыс қаруларын қолданудың барлық қажет тәсілін, әдістерін, оны ұрыс кезінде қолдану әрекеттерін меңгереді. Содан кейін ол осы курсты өтіп барып ант қабылдайды. Ант қабылданғаннан кейін ғана күрделі техникаларды меңгере бастайды», – деді ол.

 

 

Хабар 24 телеарнасы