419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысының ғалымдары халықаралық экспедицияға аттанды

  • 537
  • UPD: 08:23, 10.06.2020
Павлодар облысының ғалымдары халықаралық экспедицияға аттанды

Ертіс өңірінің ғалымдары халықаралық экспедицияға аттанды. Биылғы археологиялық қазба кезінде «Марғұлан орталығының» бір топ зерттеушісі Ақтоғай ауданындағы Сілеті көлінің аумағын тыңғылықты зерттемек.

Басты мақсат Алтын Орда кезеңіне жататын тарихи ескерткіштерді тауып, құпияларын ашу. Бұған дейін осы жерлерден мазарлардың орындары  мен жәдігерлер табылған. Экспедиция жұмысы бір айға созылады. Осы уақыт аралығында қазба жұмыстарымен 20-дан астам археолог маман айналыспақ. Зерттеу науқаны осымен шектелмейді. Жаз айларында Әуликөл ескерткіштері, Қызылоба мазарлары мен өзге де ескерткіштер зерттелмек. 

Жақсыбек Нұртаев, «Ертіс» мультимедиа музейі ежелгі археология бөлімінің меңгерушісі:

- Олардың ішінде Әулиекөл мазарлары, одан әрі қарай Сілеті өзені алқабындағы Қызылоба, Жантай. Әлі қазылмаған ескерткіштерді зерттейміз. Жалпы бұл Сілеті өзенінің алқабында әлі де көптеген Алтын Орда кезеңіне жататын мазарлар бар. Ал Қызылоба ескерткіші ол былтыр ғана ашылған болатын. Алдын ала археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде ол шын мәнінде Алтын Орда кезеңіне жататыны анықталды.

Хабар 24 телеарнасы