421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Денсаулық сақтау вице-министрі Елжан Біртановтың міндетін атқарады

  • 369
  • UPD: 11:39, 16.06.2020
Денсаулық сақтау вице-министрі Елжан Біртановтың міндетін атқарады

Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың міндетін уақытша атқарады.

Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты, деп хабарлады Tengrinews.kz.

«Денсаулық сақтау министрінің міндеттерін вице-министр Ләззат Ақтаева уақытша атқарады», - деді Ахметшәріп.

Айта кетейік, мұның алдында министр Біртанов айығып шыққанша оның міндетін үш вице-министр кезектесіп атқаратыны айтылған еді.

Еске салайық, 14 маусымда Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны анықталған еді. Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтандағы стационарда ем алып жатыр.

КВИ жұқтырған министрдің жағдайы орташа ауыр деп бағаланды.

Хабар 24 телеарнасы