429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркиялық дәрігер қазақстандық әріптестерін мерекелерімен құттықтады

  • 448
  • UPD: 15:59, 21.06.2020

Адамзатқа қатер төндірген қауіпті вирустың да алдын алу жолы табылар. Туыстар құшағы қайта ашылар күнге де жетеміз. Қиындық кетеді, дүниені дүр сілкіндірген індетті де еңсереміз. Ең бастысы сенім, сол сенім нығайып, үміт үкіленуі тиіс дейді түркиялық дәрігер Гөкальп Башбозкурт.

Ақ халатты абзал жан Қазақстандағы әріптестеріне, бір салада еңбек ететін бауырларына сәлем жолдап, ақжарма тілектерін арнады. Жалпы Түркияда медицина қызметкерлерінің күні 7 сәуірде атап өтіледі. Мемлекетте денсаулық сақтау қызметкерлеріне құрмет жоғары. Себебі елде білімі асқан жандар ғана осынау мамандықты меңгере алады. Коронавирус әлемді шарпыған кезде алдыңғы шептен табылып, онымен күреске белсене кіріскен медицина қызметкерлерінің абыройы қазір одан әрі асқақтап, халық арасында үлкен беделге ие болды.

Гөкальп Башбозкурт, дәрігер:

- Қазақстандық әріптестеріме өмірдегі ең қымбат жауапкершілік саналатын «адам өмірі» деген жүкті қорықпай арқалауларына тілектеспін. Бұл күндер әсіресе бізге оңай тимей отырғаны мәлім. Дегенімен әріптестерімізбен осы текті қиындықтармен күресу үшін шыңдалдық. Қазақстандағы бауырларымның төл мерекелерімен құттықтаймын. Қатерлі аурумен күресте қайсар мінездерінен тайынбай, ақжүрек қасиеттерін жоғары ұстасын деймін.

Хабар 24 телеарнасы