425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Байқоңырда шектеу шаралары күшейді

  • 281
Байқоңырда шектеу шаралары күшейді

Байқоңыр қаласында коронавирус індетінің өршуіне байланысты шаһарға кіріп-шығуға шектеу қойылды.

Сонымен қатар қоғамдық орындар жабылып, көшеге тек сағат таңғы 6-дан кешкі 9-ға дейін шығуға рұқсат етіледі. Бұл жайында қала басшылығы өзінің ресми сайтында жариялады. Жергілікті биліктің айтуынша, бұл шектеу шаралары шілденің 5-не дейін жалғасады. Осы күнге дейін сауда нүктелері, балабақшалар, спорттық мекемелер, бассейн, монша мен сауналар өз жұмысын уақытша тоқтатады. Кафе мен мейрамханаларға тамақты мекен жайға жеткізу тәртібімен жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Бұған қоса отбасылық мерекелерді атап өтуге тыйым салынып отыр.

Хабар 24 телеарнасы