421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде пневмонияға шалдыққандар саны азаймай тұр

  • 259
Ақтөбеде пневмонияға шалдыққандар саны азаймай тұр

Қазір үш бірдей емдеу мекемесінде мыңға жуық адам ем қабылдауда. Маусым айы басталғалы пневмониядан 47 адам қайтыс болды.

Дәрігерлердің айтуынша, көз жүмғандардың дені, созылмалы аурулары бар егде жастағы адамдар. Науқастар туберкулезге қарсы күрес диспансерінде жасақталған, арнайы бөлімшеге жатқызылып жатыр. Ертеңнен бастап, тағы бір медицина мекемесі, сосын алдағы уақытта бірнеше жеке емхана емдеу ісіне жұмылдырылады. Мамандар, дәріханаларда вирус пен қызуға қарсы дәрі-дәрмектің тапшылығы болғанымен, ауруханаларда қор жеткілікті деп отыр.

Әсет Қалиев, облыс әкімінің денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңесшісі:

- Емдеу мекемелерінде қазір дәрі-дәрмектер бар. Бізге қазір «СК-Фармация» орталықтандырып жеткізеді. Өткен аптада ғана біздер тамыз, қыркүйек айларына жоспарлаған дәрі-дәрмектерімізді ертерек осы аптада қосымша аламыз. Сондықтан мына провизорлық госпитальдарда пневмонияға қарсы қолданып жатқан дәрі-дәрмектер қоры бар.

Хабар 24 телеарнасы