418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында жол жөндеуге 420 млн теңге бөлінді

  • 138
  • UPD: 23:24, 30.06.2020

Түркістан облысының Сайрам ауданында мүлдем жөндеу көрмеген көшелерге асфальт төселіп жатыр.

Ауыл – ел бесігі бағдарламасы аясында 35 мыңнан астам халқы бар Манкент ауылдық округінде ұзындығы 35 шақырымнан асатын 10 көшеге жол салынуда. Сондай-ақ көше бойына жарық шамдар орнатылып, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Манкент ауылдық округіндегі Әбдіқадыров көшесінің ұзындығы - 5 шақырым. Бұған дейін мұнда мүлдем асфальт төселмеген. Халқы тығыз орналасқан ауыл тұрғындары қысы-жазы қиыршық тас төселген көшемен жүріп келіпті. Әбден жол азабын тартқан тұрғындар енді тақтайдай тегіс жолмен жүретін болдық деп қуанып жатыр.

Азат Сұлтанов, ауыл тұрғыны:

- Көшемізде асфальт болмаған. Қанша жыл болды, үйлер салынып жатыр. Бірінші рет жол салынып жатыр. Жол бөліміне, Үкіметімізге рақмет.

Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Манкент ауылдық округінде ұзындығы 35 шақырым болатын 10 көшені асфальттауға 420 млн теңге қаржы бөлінген. Сондай-ақ көше бойына электр шамдарын орнату, жол бойын көріктендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Баймырза Бейсембаев, аудандық жолаушылар және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

- Манкент ауыл округінде 130 шақырым ішкі көшелер бар. Сол 130 шақырымның казір 100 шақырымын «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы арқылы жөндеуден өткіземіз. Оның арғы жағында 30 шақырымдай орташа жөндеу жұмыстары қалады. Сонда Манкент ауылында жолдар қанағатты жағдайда деп айтуға болады.

Жалпы Сайрам ауданында 1200 шақырым жол болса, оның 22 шақырымы республикалық, ал 160 шақырымы облыстың деңгейдегі жолдар. Бұдан бөлек, 886 шақырым ішкі жолдар бар. Биыл аудан бойынша 43 көше орташа жөндеуден өтпек.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Самат Нағашбекұлы

Хабар 24 телеарнасы