418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 256 науқас ауыр күйде жатыр – ҚР ДСМ

  • 157
  • UPD: 12:13, 03.07.2020
Елімізде 256 науқас ауыр күйде жатыр – ҚР ДСМ Газета.ру

Қазіргі уақытта елімізде ауыр жағдайдағы 256 ересек науқас ем алуда.

Бұл туралы COVID-19 жұқтырған науқастарға медициналық көмек беру туралы брифинг кезінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният хабарлады.

«256 ересек науқас ауыр жағдайда. Жалпы елімізде COVID-19 індеті басталғалы дәрігерлер ауыр жағдайдағы 2085 науқасты аман алып қалды», деді ҚР ДСМ вице-министрі.

Сондай-ақ вице-министр елімізде 25 мыңнан астам науқастың емделіп, қалыпты өмірге оралғанын айтты.

«Эпидемия кезінде COVID-19 инфекциясынан 25 мыңнан астам пациент емделіп шықты. Олар қалыпты өмірге қайта оралды. Ауыр жағдайда болған 2 085 пациент аман қалды. Коронавирус жұқтырған жүкті әйелдер 167 сау баланы дүниеге әкелді. Бүгінгі күні инфекцияға қарсы күреске 41 мыңнан астам медицина қызметкері жұмылдырылды», - деді ол.

Хабар 24 телеарнасы