418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда виртуал жұқпалы аурулар ауруханасы ашылды

  • 142
  • UPD: 20:51, 03.07.2020
Алматыда виртуал жұқпалы аурулар ауруханасы ашылды

Сосын COVID-19 диагнозы расталған және симптомдары бар науқастарды тексеретін мобильді бригадалар құрылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Шілде айында респираторлық вирустық инфекция мен пневманияға шалдыққан науқастар саны 5 есе өскен. Қазір жедел жәрдем қызметіне жүгінушілер өте көп. Маусым айында тәулігіне 4 мыңға дейін қоңырау түскен. Сондықтан денсаулық сақтау жүйесінің бар мүмкіндігі вируспен күреске жұмылдырылып жатыр. Асфендияров атындағы университпен бірлесіп, Кардиология және ішкі аурулар институтының базасында емделушілерге мониторинг жүргізетін орталық ашылды. Ол тәуекел тобына жататын науқастарды тәулік бойы бақылайды.

Хабар 24 телеарнасы