418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысына  дәрі-дәрмек жеткізіліп жатыр 

  • 161
  • UPD: 21:33, 09.07.2020
Қызылорда облысына  дәрі-дәрмек жеткізіліп жатыр 

Қызылорада облысында дәрі-дәрмектің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында арнайы мониторингтік топ құрылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесінде дәрі өндіретін бір ғана компаниядан 8 тонна дәрілік заттар серіктестікке қарасты 15 дәріханаға таратылды. Ал нөмірі алтыншы қалалық емхана тегін дәрі-дәрмек қорымен толық қамтамасыз етілді. Мониторингтік топ мүшелері дәрінің бағасын қолдан қымбаттату фактілерін әзірге анықтамаған. Бірақ бірқатар дәріханада әлі де кей препараттың жетіспеушілігі байқалған. Бұл мәселе апта соңына дейін оң шешімін табады, дейді жауаптылар.

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы