432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда опа-далап дүкені жер асты дәріханасын ашқан

  • 193
  • UPD: 09:31, 10.07.2020
Алматыда опа-далап дүкені жер асты дәріханасын ашқан

Алматы қаласы бойынша ЭТД-мен бірлесіп опа-далап сататын дүкенде жерасты дәріханасын ашқан екі адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Бұған дейін Алматы Полиция департаментінде дәрі-дәрмектің бағасын негізсіз көтеріп жіберудің алдын алу, олардың заңсыз сатылуын болдырмау мақсатында арнайы мобильді топтар құрылғандығы туралы хабарланған болатын.

– Үш күн ішінде дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды заңсыз сату бойынша 11 фактінің жолы кесілді. Тінту кезінде 24000 дәрі-дәрмек құралы бар 1200 пакет, сондай-ақ жалпы сомасы 2,5 миллион теңгені құрайтын COVID-19 анықтайтын 9000 экспресс-тест алынды. Тәркіленген заттардың арасында қытайлық парацетамол да болды. Қазіргі уақытта бұл препаратты Қазақстанға жеткізу арнасы анықталуда. Барлық  факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Криминалдық Полиция басқармасының қызметкерлері Алматы қаласы бойынша ЭТД-мен бірлесіп опа-далап сататын дүкенде жерасты дәріханасын ашқан екі адамды ұстады. Дүкенде қызметтің бұл түріне лицензия жоқ. Тергеу барысында аталған мекемеде әртүрлі 11 мыңнан астам дәрі-дәрмек және жалпы сомасы 1 миллион 119 мың 200 теңгені құрайтын 100-ден астам ампула тәркіленді.

Хабар 24 телеарнасы